Мен - қазақпын!!! Мен - қазақпын, Абаймын, Құнанбаймын! Мәнгілік құламайтын шынардаймын. Құлағы кереңдер естіп алсын. Мың мәрте қазақпын деп ұрандаймын. Мен - қазақпын, Абылай, Жәнібекпін! Ұлылықты ұрпаққа тәлім еттім. Орыс құрған орданы бұзып шығып, Нұрсұлтандай қазақты ханым еттім. Мен - қазақпын, Қайратпын, елім деген, Ел үшін ешнәрседен шегінбеген. Мен қазақпын деп тұрғам қаймықпастан, Бетпе бет келген кезде өлімменен. Мен - қазақпын, Шаханов Мұхтар едім, Ешкімнен сескенбедім, бұқпап едім. Колбиндей шүрегейге бой берместен, Ұлтым деп ұрандатып шыққан едім. Мен - қазақ, шоқ боп батып, от боп аттым, Жаңаөзенде өз елімді оқ боп аттым. Сонда да өз ұлтымнан безінбеген, Мен - қазақпын, Тоқтармын, Бекполатпын! Мен - қазақпын, Заманбек, Алтынбекпін! Аямай жан бергенмін, халкым деп мың. Кейбіреуше атақ пен байлық жимай, Жарқын келіп, өмірден жарқын кеттім. Мен - қазақпын, Жүрсінмін, Айтақынмын! Айтыста Алаш мұңын айтатынмын. Ораз боп кетсем дағы оралмасқа, Жаңғырып Жандарбек боп қайта тудым. Мен - қазақпын, Айбекпін, Балғынбекпін! Елді жырлап батасын алдым көптің. Ел мұңын естіртем деп кереңдерге, Арасында қалғанмын сан дүрмектің. Мен - қазақпын, Ринатпын жанған ұлмын! Шындық әнін Шынболатша салған ұлмын. Патшаға дат айтам деп, қаймықпастан, Сан айтыстан шеттеліп қалған ұлмын. Мен - қазақпын, Сәбира, Ләззатпын мен! Өмірімді ауыстырдым азат кунмен. Досым да, дұшпаным да естіп алсын, Мен - қазақпын! Қазакпын! Қазакпын мен...............! (с) Серік Өтепбергенұлы

Теги других блогов: қазақ ән көркем